АСТАНА, 10 тамыз - Sputnik. Астанада жеңіл рельсті көлікті іске қосу 2025 жылға кейінге қалдырылды, деп хабарлады City Transportation Systems төрағасы Ғани Тәжиев мәслихат отырысында.
"Жобаны жеделдету үшін екі кезеңмен іске қосу жоспарланған. Бірінші кезеңде, яғни 2025 жылы алғашқы ЛРТ іске қосылады. Бірінші кешеннің жалпы сомасы-1 млрд 152 млн доллар немесе жобаның жалпы құнының 61%. Осы уақытта сегіз станция салынып, бес жылжымалы құрам іске қосылады. Құны 735 млн доллар немесе жалпы құнының 39% құрайтын екінші іске қосу кезеңінде қалған 10 станция пайдалануға беріледі. Қосымша 14 бірлік жылжымалы құрам іске қосылады. Аяқталу мерзімі 2026 жылдың соңына дейін", - деді Тәжиев.
Екі кешеннің жалпы құны-1 миллиард 887 миллион доллар. Бұған дейін Астана әкімі Жеңіс Қасымбек LRT-ді 2024 жылдың соңына дейін іске қосуға уәде берген болатын.