Тамызда Қазақстан бойынша 370 тоннаға жуық АИ-95 бензинін тасымалдау жоспарланған

Sputnik
АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. Тамызда Қазақстанда ішкі нарыққа АИ-95 маркілі бензиннің 369,7 мың тоннасы жеткізіледі, деп хабарлайды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
"Қазір Қазақстандағы магистральді автожолдар арқылы бензин тиелген 1 047 цистерна өңірлерге жеткізіліп жатыр. Олардың ішінде АИ-95 маркалы жағармайы бар цистернаның саны - 341. Барлық мұнай өнімі диспетчерлік бақылаумен белгіленген жылдамдықпен жеткізілмек", - делінген ведомствоның хабарламасында.
Айта кету керек, бензинді жеткізу жүк тасымалдаушы ұйым мәлімдеген жоспарларға сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Демек тасымалдаушы отынның қандай да бір түрін жөнелтуге әсер ете алмайды. Қазір мұнай өңдеу зауыттарынан жүктерді тасымалдауға қатысты барлық өтініш 100%-ға қамтамасыз етілді.
Мәселен, жоспар бойынша тамызда ішкі нарыққа АИ-95 маркілі бензиннің 369,7 мың тоннасы жеткізіледі. Тамыз айының алғашқы 7 күнінде оның 102,6 мың тоннасы, яғни айлық жоспардың 27%-і тасымалданды.
Бұл ретте биылғы тамыздың басында бензин құю жоспары мынадай:
- Атырау мұнай өңдеу зауыты бойынша - 125 цистерна, оның ішінде 21 цистерна АИ-95 бензині;
- Шымкент мұнай өңдеу зауыты бойынша - 102 цистерна, оның ішінде бірде-бір АИ-95 вагоны қарастырылмаған;
- Павлодар мұнай өңдеу зауыты бойынша - 80 цистерна, оның ішінде барлығы 20 цистернада АИ-95 бензині бар.