АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. Жетісу облысында жүк көлігінің жүргізушісі артындағы адамды байқамай басып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қайғылы оқиға "Алматы-Өскемен" тас жолының 272-шақырымында болған. MAN маркалы жүк көлігі жолдың жиегінде тұрған. Артында 61 жастағы ер адам болды.
"Жүк көлігінің жүргізушісі оны байқамай, артынан жүргенде басып кетті", - дейді полицейлер.
Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Бірақ ауруханаға барар жолда жәбірленуші қайтыс болды.
Қазіргі кезде Талдықорған полицейлері тергеу шараларын бастады.