АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. Елорда прокуратурасы құны 700 млн теңгеге жуықтайтын жер телімдерін мемлекетке қайтарды, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
"Астана қаласының прокуратурасы мемлекет мұқтаждығы үшін алынған жер телімдері бойынша сот актілерінің орындалуына тексеріс жүргізді", - деп жазылған хабарламада.
Тексеру барысында акционерлік қоғам еріксіз иеліктен шығарылатын жер учаскесі үшін 663 млн теңге көлемінде өтемақы алғаны анықталды. Алайда 2 жыл бойы соттың мектеп пен жатақхана салу үшін 2 жер телімін мемлекетке беру туралы шешімін орындамаған.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша сот шешімі орындалды, жер учаскелері мемлекетке берілді.