Қазақстан жаңа экономикалық модельге көшуі қажет - Тоқаев

Sputnik
АСТАНА, 9 тамыз — Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан жаңа экономикалық модельге көшу қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы қыркүйек айында жарияланатын Қазақстан халқына Жолдауында елдің экономикалық саясаты туралы өзінің көзқарасын баяндауды жоспарлап отыр.
"Біз мүлдем жаңа бағытқа көшу үшін Қазақстанның экономикалық дамуына тың серпін беруіміз керек. Жауапты тарихи сәт келді. Демек Қазақстан экономикасы да қазіргі деңгейде қала алмайды. Сөзсіз солай боларына сенімдімін", - деп атап өтті президент.
Ол үкіметтің міндеті тиісті ұсыныстар беру, сонымен қатар осы ұсыныстарға сәйкес дайындалатын жоспарларды іске асыруға кепілдік беру екенін айтты.
"Бірақ мен жаңа экономикалық модельді іске асыруға және дайындауға қатысты көзқарасымды жасырмаймын. Жақында жоғары экономикалық кеңестің отырысын өткіздім. Ашығын айтқанда, сол жиында отандық экономистерді сынға алдым. Менің ойымша, олар істі соңына дейін жеткізе алмайды. Креативтілік жоқ. Біздің және жалпы мемлекеттің алдында тұрған міндеттерді түсінбейді. Халық бізден нақты шешімдер күтеді, өйткені ең өзекті мәселелерді шешу қажет. Халқымыздың лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету еліміздің экономикасының даму тұжырымдамасына қатысты біздің ұстанымымызға тікелей байланысты", - деді мемлекет басшысы.
Президент мұны түбегейлі шешімдерсіз еңсеру қиын екенін атап өтті.
Президент Екібастұздағы жылу электр орталығының жұмысымен танысады