"Прокурордың баласы": Шымкентте гүл дүкеніне шабуыл жасалды

Sputnik
АЛМАТЫ, 9 тамыз - Sputnik. Шымкентте бір топ адам гүл дүкеніне шабуыл жасады. Арасында Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының баласы да бар деген ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Полиция тергеу бастады, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша, 8 тамызға қараған түні Шымкент қаласында Рысқұлов көшесі, 195 мекен-жайы бойынша бір топ адам мас күйінде "Romantic" гүл дүкеніне кіріп, дүкен қызметкерлеріне дене жарақатын саламыз деп қорқытқан.
"Бұл бірінші жағдай емес, флористті ұрып - соғып, гүл шоғын ұрлады. Ол ОҚО прокурорының ұлы. Учаскелік бөлім заңбұзушылықты үнемі жабады. Алғашқы жағдай туралы мәлімдемеден кейін біздің қызметкерлерді ұрлады, гүл дүкенін жеке бастарына пайдаланды", - деп мәлімдеді дүкен директоры әлеуметтік желіде.
Ал Шымкент қалалық полиция департаменті тергеу басталғанын айтады.
"Тұран ауданының полиция басқармасы қабылданған шаралардың нәтижесінде бейнежазбада көрсетілген адамдарды анықтап, полицияға жеткізді. Алайда, гүл сатушы кез-келген мәлімдемеден бас тартты. Осыған қарамастан, полицейлер ҚР ӘҚБтК 434-бабына сәйкес әкімшілік хаттама жасады", - дейді ведомство.
Осы факт бойынша жиналған материалдар құқық бұзушыға қатысты шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жіберіледі, дейді полициядағылар.