АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Ақорда.
Президенттің баспасөз қызметі мәлім еткендей, мемлекет басшысының сапары Екібастұз жылу электр орталығындағы жөндеу жұмыстарымен танысудан басталады.
Сонымен қатар президент өңірдегі бірқатар өндірістік, әлеуметтік нысанды аралап көреді деп жоспарланып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қараша айының ортасында Екібастұз қаласы жылусыз қалды. Жылу желілерінен шыққан ауқымды ақауды жою бірнеше аптаға созылды.