Дикий Арманды қамауда ұстау мерзімі тағы ұзарды

Sputnik
АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. "Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің қамауда ұстау мерзімі 2023 жылдың 7 қыркүйегіне дейін ұзартылды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.
"Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 4 тамыздағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Д.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 7 қыркүйегіне дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды",- деп хабарлады Алматы қалалық соттың баспасөз қызметі.
Еске салайық, былтыр Қаңтар оқиғасынан кейін Алматыда полицейлер "Дикий" Арман лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті ұстаған болатын.
Қоғам
Дикий Арманды қамауда ұстау мерзімі ұзартылды