Алматы тауларында жоғалып кеткен ресейлік туристің денесі табылды

Sputnik
АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. Алматы тауларында іздестіру-құтқару шаралары кезінде ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
Алдын ала мәліметке сәйкес, ол – төрт күн бұрын жоғалған Ресей Федерациясының азаматы. 39 жастағы ер адам 5 тамызда таңертең тауға жалғыз кетіп қалған. Содан бері хабарсыз кеткен.
Құтқарушылар таудағы климат пен тастардың құлауына қарамастан, іздестіру жұмыстарын тәулік бойы жүргізді. Қазіргі кезде табылған ер адамның кімекені анықталып жатыр.
Қазақстандық құтқарушылар жыл сайын тауда 160-қа жуық туристі құтқарады. Жыл басынан бері таулы жерлерде 152 адам құтқарылды.