АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. Жамбыл облысы Қаратау қаласында 7 жасар ұлды ит талап тастады. Бала бетіненжәне екі аяғынан ауыр жарақат алды, деп облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Ауруханаға жеткізілгенде бала есінен танып жатқан. Ит оң жақ бетін жұлмалап тастаған. Екі аяғында да сау жер қалмаған. Дәрігерлер бірден ота жасауға шешім қабылдады. Алдымен бетін тігіп берді.
"Отадан басқа, науқасқа құтырмаға қарсы екпе салынды. Ұзақ, әрі күрделі отадан соң ашылған терінің беті тігіліп, балада қан айналымы жүре бастады. Ота сәтті өтті", - дейді мамандар.
Қазіргі таңда науқас жансақтау бөлімінен хирургия бөліміне ауыстырылды. Жағдайы жақсарып келеді. Ем-домын қабылдап жүр. Баламен аудандық аурухананың психолог мамандары да жұмыс жасап жатыр.