Қостанайда 6 жастағы бала терезеден құлап кетті

Sputnik
АЛМАТЫ, 8 тамыз - Sputnik. Қостанайда 6 жастағы бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 7 тамызда сағат 02:36-да Қостанайда Урицкий көшесі бойында 5 қабатты тұрғын үйде болған.
"6 жастағы жеткіншек ересектердің қарауынсыз қалып, 5-қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті. Қазіргі уақытта бала облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр", - деп хабарлады депаратмент.