АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. Бір жылда мектеп дәптері 80 процентке жуық қымбаттаған. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
"2023 жылдың шілдесінде кеңсе тауарларының бағасы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 64,4 процентке өсті", - деп жазылған хабарламада.
Атап айтқанда, мектеп дәптері – 77,2%, қалам – 38,6%, түсті қарындаштар – 41,9%, сурет альбомы – 44,1% қымбаттады.