Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары жемқорлық жасады деген күдікке ілінді

Sputnik
АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары жемқорлық жасады деген күдіккеілінді, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Агенттік аталған лауазымды тұлғаға қатысты тергеуді аяқтады.
"Ол "Аqjaiyq" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасарына оның сенім білдірілген адамдарымен жұмысты нақты орындамай-ақ, өтеулі қызметтер көрсетуге жалған шарттарын жасасу туралы заңсыз нұсқау берген. Осылайша лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдікке ілінді", - делінген агенттіктің хабарламасында.
Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке айтарлықтай зиян келтірілген.
Күдіктіні процессуалдық ұстау кінәні толық мойындауға байланысты қолданылмады. Қылмыстық іс жеделдетілген тәртіппен аяқталып, сотқа жолданды.
Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Қоғам
Астанада басқарма басшысы жемқорлық жасады деген күдікке ілінді