АЛМАТЫ, 8 тамыз – Sputnik. Қарағандыда "АрселорМиттал" автобусы жолдан шығып кетіп, электр бағанасына соғылды, деп хабарлады eKaraganda.kz порталы.
Жол апатына автобус жүргізушісінің денсаулығының күрт нашарлауы себеп болған.
"Бұқар жырау даңғылында "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына тиесілі автобус жол апатына түсті. Жүргізушінің кенеттен мазасы қашып, қоршауға, сосын электр бағанасына соғылған", - дейді полиция.
Абырой болғанда автобуста жұмысшылар болмаған. Қоғамдық көлік рейске шығуға бара жатқан.
51 жастағы жүргізуші жол апатынан зардап шеккен жоқ. Дәрігерлер жүргізушінің денсаулығының күрт нашарлауына не себеп болғанын анықтап жатыр.