Қазақстандағы барлық коммуналдық кәсіпорын тексеріледі

Sputnik
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Ұлттық экономика министрлігі бүкіл ел бойынша коммуналдық кәсіпорындарды тексереді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
"Тамыз айында ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті жергілікті атқарушы органдармен және қоғам белсенділерімен бірлесіп 87 коммуналдық кәсіпорынды аралап (табиғи монополиялар субъектілері), жөндеу жұмыстарының барысын тексереді", - деп жазылған хабарламада.
Монополияға қарсы ведомствоның өкілдері журналистерді, жергілікті тұрғындар мен еріктілерді алдағы баспасөз турларына белсенді қатысуға шақырды.
Петропавл ЖЭО-2 кәсіпорнындағы жабдықтардың 53,5% тозған – министр