АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Атырау облысының білім басқармасы қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын тексеру үшін арнайы комиссия құрылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Басқарманың хабарлауынша, 77 адамнан тұратын топ (4 тәлімгер, 73 бала) "Атырау-Астрахань" пойызымен Железноводск қаласындағы "Қазақстан геологы" санаторийіне бара жатқан. Жолға шыққаннан кейін 1,5 сағаттан соң балалардың бірі өзін жайсыз сезінгеннен кейін жедел жәрдем шақырылған. Ол Нарын станциясына келген жедел жәрдем бригадасы баланың қайтыс болғанын анықтады.
"Атырау облысының білім басқармасы құзырлы органдармен бірлесіп, осы қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын тексеру үшін комиссия құрды. Пойызда жолаушылар өздері алып келген тамақты ішкенін хабарлаймыз", - деді ведомстводағылар.
Қазіргі уақытта баланың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Білім басқармасы қайтыс болған баланың отбасына барлық қажетті көмекті көрсетілетінін айтты.
Аталған дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалды.