АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Бүгіннен бастап грант иегерлері жоғары оқу орындарына құжат тапсыра алады. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
"Талапкерлер 25 тамызға (қоса алғанда) дейін қабылданады", - деп жазды ол.
Министр отандық жоғары оқу орындарына түсу үшін қандай құжаттар қажет екенін еске салды:
жеке куәлік,
3х4 көлеміндегі фото,
орта білім туралы аттестат немесе техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін диплом,
№ 075/у нысанындағы медициналық анықтама,
ер жігіттер үшін әскери тіркелу куәлігін, білім грантын тағайындау туралы электронды куәлігін тапсыру керек.
Сондай-ақ жеңілдетілген санат бойынша растайтын құжаттар ұсынылады.