АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. АрселорМиттал Теміртау шахтасында бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде бір жұмысшы тау-кен үйіндісінің астында қалып қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Вечерняя Караганда" басылымына сілтеме жасап.
Компанияның баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, кенжардың үстіңгі жағынан тау-кен үйіндісіопырылып түскен. Бір кенші жарақат алды.
" УПР-1 учаскесінің жұмысшылары кеншіге алғашқы көмек көрсетті. Одан кейін оны шахтадан жердің бетіне шығарып, жедел жәрдем мамандарына тапсырды. Жарақат алған жұмысшы Мақажанов атындағы клиникаға жатқызылды", - дейді компания мамандары.
Дәрігерлердің айтуынша, ер адамның төс сүйегі сынған.