Астанада газ баллоны жарылды: зардап шеккендер бар

Sputnik
АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. Астана қаласы Сарын көшесінде екі қабатты жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылды.
Салдарынан үш адам - 1995 жылы туған ер адам және 2016 , 2021 жылы туған екі бала зардап шекті. Олара ауруханаға жатқызылды.
Болжам бойынша, газ баллоны редукторының шлангпен жалғанатын жерінде ақау болған. Сол жарықшақтан шыққан газ пропан баллоны тұрған орын мен оған жапсарлас жуынатын бөлмеде жиналып қалған. Кейін жуынатын бөлмеге кіріп жарық жаққанда ұшқыннан газ жарылған.
ТЖМ азаматтарды газ баллондарын пайдалану ережелерін қатаң сақтауға және оларға тек лицензияланған қызмет көрсету станцияларында жанармай құюды жүзеге асыруға шақырады.