АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. Астана бәйгеден кезекті жарсы өтті. Сыйақының жалпы қоры 23,5 миллион теңгені құрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
"Қазанат" ипподромында өткен дүбірлі додаға еліміздің бірнеше өңірінен 80 жуық тұлпар қатысып, "Құнан бәйге", "Топ бәйге", "Жорға жарыс", "Аламан бәйге" бойынша сайысқа түсті.
"Құнан бәйге" 10 шақырым: 1-орын Алдияр Уайсхан "Лазер" есімді тұлпары; 2-орын Асланбек Абдықал "Қарақат" есімді тұлпары; 3-орын Нұрмұқаш Ділнұр "Мамлюк" есімді тұлпары;
"Топ бәйге" 16 шақырым: 1-орын Әмір Серік "Мой мир" есімді тұлпары; 2-орын Асланбек Абдықал "Абырай" есімді тұлпары; 3-орын Бекзат Ділдәхан "Сакура" есімді тұлпары;
"Жорға жарысы" 9 шақырым: 1-орын Жан Қоқанбаев "Салкүрең" есімді тұлпары; 2-орын Әлия Асқарова "Месяц май" есімді тұлпары; 3-орын Шуақ Жайлаубек "Жұлдыз" есімді тұлпары;
"Аламан бәйге" 23 шақырым: 1-орын Бекзат Ділдәхан "Талхиз" есімді тұлпары; 2-орын Арнат Мұратхан "Семсер" есімді тұлпары; 3-орын Арнұр Саматұлы "Самал" есімді тұлпары.
Жарыс ұйымдастырушылары 4-ші және 5-ші орын алған шабандоздарды да ақшалай сыйлықпен марапаттады.
Республикалық "Бәйге" федерациясының президенті Қанат Көпбаевтың айтуынша, соңғы уақытта бәйге спортынан өтетін жарыстарға келетін көрермендер саны артып келеді.
"Біз еліміздің өңірлерінде бәйге спортынан жарыстарды тұрақты түрде өткізіп келеміз. Мақсатымыз – ұлттық спортымыз бәйгенің танымдылығын арттырып, мәртебесін өсіру. Бір қуанарлығы, күн санап бәйгеге қызығушылық танытып жатқан көрермендер қарасы көбеюде", - дейді Қанат Шоқанұлы.
Жарыс аясында көрермендер ұлттық киім байқауын тамашалады. Бұл сайыстың жеңімпаздарына ұйымдастырушылар жалпы көлемі 1 миллион теңге сыйақыны табыстады.