Арыс қаласында белгісіз біреулер екі адамды атып тастады – қылмыскерлерге іздеу жарияланды

Sputnik
АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. Түркістан облысында екі адамды атып тастаған күдіктілерді ұстау бойынша шұғыл шаралар басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ішкі істер министрлігінің Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, 5 тамызда белгісіз екі адам Арыс қаласында салынып жатқан үйдің аумағына кіріп, оқ атқан. Үйдің иесі және оған құрылыста көмектескен танысы алған жарақаттарынан қайтыс болды. Сондай-ақ құрылысқа жүрген тағы екі ер адам жарақат алды. Оларды дереу ауруханаға жеткізген.
"Қазіргі уақытта арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. "Ұстап алу" жоспары қабылданды. Күдіктілердің жеке басын анықтау мен оларды ұстау бойынша қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Болған оқиғаның барлық жағдайы анықталуда", - дейді полицейлер.
Түркістан облыстық полиция департаменті басшылығы тергеу шараларын бақылауға алды.