Қандай тағам арықтауға көмектеседі – дәрігер кеңесі

Sputnik
Ресейлік терапевт дәрігер, эндокринолог және медицина ғылымдарының докторы Зухра Павлова арықтауға көмектесетін тағамды атады. Бұл туралы ол өзінің Telegram каналында хабарлады.
Сарапшы ең алдымен түскі асқа 30-40 минут қалғанда ағзаның жұмысын жақсартуға көмектесу үшін бір стақан жылы су ішу керектігін ескертті.
"Су асқазанда біршама орын алып қана қоймай, сонымен қатар тойымдылық гормоны – холецистокинин түзілуін күшейтеді. Жалпы бізге су әрқашан қажет!" - деді дәрігер.
Сонымен қатар арықтау үшін күндіз сорпа ішу керек, деп жазды Павлова.
"Ол орташа майлы болуы керек, сорпада тағамның қатты бөліктері болуы маңызды және оны асықпай шайнау керек. Ыстық сорпа (борщ, щи, балық сорпасы немесе ет сорпасында қайнатылған кез келген көкөніс сорпасы) да холецистокинин өндіруге көмектеседі", - деді дәрігер.
Дегенмен несеп қышқылымен байланысты проблемасы бар адамдар үшін ет сорпасы, сондай-ақ қымыздық немесе асжапырақ қосылған сорпаларға тыйым салынады.
Ыстық сорпа ішкен адам тез тойып, артық тамақтанбайды.