Батыс Қазақстанда ресейлік жалдамалы алаяқ ұсталды

Sputnik
ОРАЛ. 5 тамыз – Sputnik. Батыс Қазақстан облысындакиберполицейлер ресейлік жалдамалы алаяқты қолға түсірді, деп хабарлайды Sputnik.kz.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 29 шілдеде Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті "CyberPol" қызметкерлері көкшетаулық әріптестерімен бірлесіп, Оралда жалдамалы алаяқты ұстады. Ұсталған азамат – Мәскеудің 24 жастағы Х. есімді тұрғыны.
Оның Көкшетауда жүріп, алаяқтықпен 12 млн теңгеден астам ақшаны иемденгені анықталды.
Күдікті Орал қалалық полиция басқармасына қарасты уақытша ұстау изоляторынақамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.