АЛМАТЫ, 4 тамыз – Sputnik. Шымкентте полиция көлігі анасы мен қызын қағып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға 3 тамыз күні сағат 17:00 шамасында Байтұрсынов көшесінде болған.
"Жаяу жүргіншілер өткелінде Тұран полиция басқармасының жүргізуші полицейі қызметтік автокөлікпен 2 адамды қағып кетті. Жол апаты салдарынан анасы мен кәмелет жасына толмаған қызы ауруханаға жеткізілді. Көлік құралдарын басқаратын адамның абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан жол жүру қағидаларын бұзу" бабы бойынша тергеу басталды", - дейді ведомстводағылар.
Қажетті сараптамалар жасалып жатыр.
"Шымкент қаласы полиция департаментінің басшылығы зардап шеккендерден және олардың туыстарынан кешірім сұрайды. Сотқа дейінгі тергеумен полиция департаментінің анықтау басқармасы айналысып жатыр. Тергеу барысы Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы Қайрат Далбековтің қатаң бақылауында", - деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.