Видеоинфографикадан денсаулыққа зиян келтірмейтін нитратсыз қарбызды қалай дұрыс таңдауға болатыны туралы біліңіз.
Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының жұқпалы емес аурулардың алдын алу департаментінің скринингтік бағдарламаларды талдау бөлімінің меңгерушісі Гүлжан Қоңыршина қарбызды дұрыс және қауіпсіз тұтыну туралы толығырақ айтып берді.
Егер бақша өнімдері пестицидтермен өңделген болса, олар бойына нитраттарды жинақтап алады.
Оның пікірінше, құрамында осы заттардың мөлшері көп қарбызды жегеннен кейінгі жағымсыз белгілер 4-6 сағаттан кейін пайда болады. Нитраттармен улану кезінде ешқандай шара қолданылмаса, денсаулыққа ауыр зиян келтіру қаупі бар.
Нитраттармен улану белгілерінің ішінде мыналарды атау атауға болады: жүрек айнуы, диарея, іштің ауыруы, дене қызуы, әлсіздік және буындардың тырысуы.
Мұндай алғашқы белгілер байқалған кезде бірден дәрігердің көмегіне жүгіну керек!