АЛМАТЫ, 4 тамыз – Sputnik. Ақсай шатқалында отбасы адасып кетті, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
ТЖМ құтқарушылары Ақсай шатқалынан адасқан туристерді алып шықты.
"3 тамызда сағат 21.30-да, Ақсай шатқалында тауда өзен мен Ақжар құламасы арасында үш адамнан тұратын отбасы адасып кеткен. Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы іздестіру орнына барды", - дейді ведомство.
Әйелі мен күйеуі және 14 жастағы жасөспірім баласы биік таудан түнде түсе алмай қалған. Сағат 22.40-та ТЖМ құтқарушылары зардап шеккендерге жетіп, төмен түсіру жұмыстарын бастаған.
Түн ортасында іздеу-құтқару операциясы аяқталды, зардап шеккендерді көлікке жеткізді. Құтқарушылар күндізгі уақытта ғана тауға саяхаттауға кеңес береді.