АСТАНА, 3 тамыз – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алаяқтық жасады және пара беруге итермеледі деп айыпталған күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлады Антикор
"Ол кәсіпкерді аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеп, Қарағанды облысындағы кен орнын пайдалану келісімшартын ұзарту үшін "лауазымды тұлғаларға беремін" деген сылтаумен алдау арқылы 1 млн доллар ақшалай қаражатты жымқыруға әрекет жасаған", - деп жазылған хабарламада.
Айыпталушы сотқа берілді. Қазақстан Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.