АСТАНА, 3 тамыз - Sputnik. Бас прокуратура денсаулық сақтау министрлігінен ауруханаларды кешенді тексеруді талап етті, деп хабарлады қадағалау органының баспасөз қызметі.
"Бірінші кезеңде 549 медициналық мекемені тексерумен қамту жоспарланған", - деп атап өтті Бас прокуратура.
Қазіргі күні полиция Алматы орталық қалалық клиникалық ауруханасының үш пациентінің АИТВ-инфекциясын жұқтыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Тергеу Қылмыстық Кодекстің 118-бабының 3-бөлігі бойынша "Екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтыру" бойынша жүріп жатыр.
"Қазақстанда медициналық мекемеде инфекция жұқтыру соңғы 10 жылда алғаш рет тіркелді", - деп қосты Бас прокуратура.
Сондықтан мұндай фактілердің алдын алу мақсатында Бас прокуратура денсаулық сақтау министрлігіне стационарлық, амбулаториялық-емханалық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін медициналық мекемелерде кешенді тексерулер жүргізу туралы талап қойды.