Астанада Қазақстан-Ауғанстан іскерлік форумы ашылды

Sputnik
АСТАНА, 3 тамыз – Sputnik. Астанадағы ЭКСПО конгресс-орталығында Қазақстан-Ауғанстан іскерлік форумы басталды, хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазақстан-Ауғанстан іскерлік форумы өтіп жатыр
Форум аясында ауған тауарларының көрмесі ашылды. Оған 200-ден астам кәсіпкер өз өнімін алып келді. Соның ішінде кілем, асыл тас, құрылыс материалдары, ыдыс-аяқ, кептірілген жеміс-жидек, сусындар, шафран, шәй, тас өнімдері және тағы басқа тауарлар бар.
Ауған тауарларының көрмесі ашылды
Ресми мәліметке сәйкес, былтыр Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы тауар айналымы 1 млрд долларға (987,9 млн доллвр) жетті. Тауар айналымының 90% қазақстандық экспортқа, негізінен өңделген өнімге тиесілі. Мысалы, қазақстандық ұн экспортының 70 проценті Ауғанстанға жөнелтіліп отырады. Бұдан бөлек, азық-түлік, мұнай-химия, химия, металлургия, жеңіл, машина жасау және тағы басқа 500 миллион доллардың өнімдерін жеткізуге болады.
1 / 4
Афганские компании провели презентации своих товаров в столице Казахстана
2 / 4
Афганские компании провели презентации своих товаров в столице Казахстана
3 / 4
Афганские компании провели презентации своих товаров в столице Казахстана
4 / 4
Афганские компании провели презентации своих товаров в столице Казахстана
Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, бүгінгі форум алаңында 106 млн доллар сомасына коммерциялық құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.
Серік Жұманғарин
“Диалог алаңы жаңа жобаларға, одан әрі сауда-экономикалық ынтымақтастық бағыттарына негіз болды және жақын арада елдеріміз арасындағы өзара тауар айналымын 3 миллиард долларға дейін арттыруға мүмкіндік береді", - деді Жұманғарин форумның ашылу рәсімінде.
Бүгінде Ауғанстанда Қазақстанның сауда үйі жұмыс істейді. Тура сондай Ауғанстанның сауда үйін Қазақстанда ашу жоспарланып отыр. Сондай-ақ екі елдің сауда палатасын құру көзделген.