Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

АҚШ Украинаны қолдауды доғара ма

Sputnik
Кешегі күні Киевтегі үгіт-насихатпен айналысатындар өз аудиториясына Батыстың әрекетін түсіндіру үшін біраз әбігерге түсті, деп жазды РИА Новости.
Украиналықтардың алаңдаушылығына Financial Times басылымында жарық көрген ақпарат себеп болды. Оған сәйкес, АҚШ президенті Джо Байден Украинаға арналған қосымша бюджет аясында Тайваньға қару-жарақ жеткізуді қаржыландыру мәселесін конгресс талқылауына шығаруды жоспарлап отыр. Киевтің алаңдаушылығы түсінікті: АҚШ ортақ бюджет аясында Киевке арналған қаражатты Тайбэйге бағыттауды бастап, ақырында Украинадан түбегейлі бас тартуы мүмкін.
Осыған байланысты Украинадағы ақпараттық-психологиялық операциялар орталығы америкалықтардың Украинаны қолдауы ешқашан бұзылмайтынына қатысты ақылға қонымды негіздерді дәйек ретінде келтірді. Ол негіздер Ақ үйдің украиналық және тайваньдік қаржылық жобаларды біріктіруі анығында тактикалық және ішкі америкалық сипатқа ие деген идеяға саяды.
Мәселе конгрестің өкілдер палатасына республикашылдар басшылық етуінде болып отыр. Олар Украинаға қатысты АҚШ саясаты қазіргі әкімшіліктің үлкен мініне айналды деп санайды.
"Оның үстіне, бір жарым жылға жуық уақыт қалған сайлау жақындаған сайын оппоненттер Байден мен оның украиналық бағдарына соғұрлық қатаң әрі сыни қарай бастады. Конгресте сәйкес шешімдерді үдету пакетке кіретіні анық, ал Қытайды Америкаға төнген басты қауіп ретінде көрсету маңызды дәлел ретінде қарастырылад", - деп жазылған материалда.
Тайвань мәселесін украианалыққа біріктіру расында да тиімді шешім: егер республикашыл конгресмендер Тайваньді әлдеқайда белсенді қолдауды талап етсе, онда ол Украинамен бір пакетте қарастырылады. Мұндай мазмұндамада Байденнің ең негізгі қарсыластары да бұл бастаманы қолдаудан бас тарта алмайды.
Бір қарағанда Киев ұсынған түсініктеме сенім ұялататындай болып көрінеді. Бірақ тереңірек үңілсе, жағдай әлдеқайда күрделі екені анықталады. Өйткені егер журналистер жариялаған Байлден жоспары тактикалық болып саналса, онда ол қандай стратегия аясында әзірленді?
Стратегиялық тұрғыдан алғанда Украинаға қуануға еш себеп жоқ. Қытай – расында да америкалықтар үшін нөмірі бірінші қарсылас. АҚШ украиналық дағдарысқа өздері жоспарлағаннан әлдеқайда ауқымды жұмылдырылғаны олар үшін жағдайда тек күрделендіргенімен, істің мәнін өзгертпейді. Екі бірдей көлемді қақтығысқа қатысуға күштері мен ресурстары жоқ болғандықтан, оларға толығымен Азия бағытына ауысуға тура келеді.
Жалпы Вашингтон өз саясатының торында қалып қойды. Мемлекеттік жүйе стратегия мен қозғалыс бағытын өзгертуге ешқашан асықпайды. Олардың бастапқы жоспары бойынша аз шығын және аз күш жұмсау арқылы Ресейді құлдырату көзделген еді. Алайда, оның орнына бір жарым жыл ішінде олар біртіндеп қақтығысқа тереңінен тартылып жатыр.
Автор жазғандай, америкалық сыбайлас жемқорлық туралы ұмытуға болмайды. Себебі соңғы уақытта Украина қақтығысы арқылы қомақты табыс көріп жатқан бүтіндей бюрократиялық және бизнес құрылымдар конгломераты құрылып үлгерген. Сондықтан олар көптеген сыртқы саяси стратегияларда көрсетілген ұлттық мүдделер мен жоспарларға қайшы келуіне қарамастан, мемлекеттік саясаттың өзгергенін қаламайды.
Украина және Тайвань бюджетін біріктіру бойынша жоспар мүдделі тараптар өз белсенділігін азиялық бағытқа бұрып, қаржылық табысын сақтап қалады. Есесіне олар Киевтегі іс-қимылдарға қатысты қызығушылығын бәсеңдетеді. Сондықтан Ақ үйдің бұл бастамасы бір оқпен екі қоянды атып, АҚШ-қа Украинаны ығыстыруға мүмкіндік береді.