АСТАНА, 2 тамыз — Sputnik. Қазақстанда экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған күн мереке күндерінің жаңартылған тізімінде қалды.
"Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мереке күндердің тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын", - делінген үкімет қаулысында.
Бекітілген мерекелік күндердің тізбесі:
1. Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстаннан шығарылған күні – 15 ақпан
2. Алғыс айту күні – 1 наурыз
3. Аналар күні – мамырдың екінші жексенбісі
4. Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні – 31 мамыр
5. ҚР Мемлекеттік рәміздері күні – 4 маусым
6. Әкелер күні – маусымның үшінші жексенбісі
7. Ұлттық домбыра күні – шілденің бірінші жексенбісі
8. Абай күні – 10 тамыз
9. Спорт күні – тамыз айының үшінші жексенбісі
10. Семей ядролық полигонының жабылған күні – 29 тамыз
11. Білім күні – 1 қыркүйек
12. Отбасы күні – қыркүйектің екінші жексенбісі
13. Қазақстан халқының тілдері күні – 5 қыркүйек
14. Еңбек күні – қыркүйектің соңғы жексенбісі
15. Қарттар күні – 1 қазан
16. Нан күні – 16 қазан
17. Энергияны үнемдеу күні – 11 қараша
18. Ұлттық валюта күні – теңге – 15 қараша
19. ҚР тұңғыш президенті күні – 1 желтоқсан
Еске сала кетейік, 2022 жылға дейін тұңғыш президент күні мемлекеттік мерекелер тізімінде болды, кейін ол мерекелік күндер тізіміне енгізілді.