ТАЛДЫҚОРҒАН, 2 тамыз - Sputnik. Талдықорғанда демалу орталығының бассейніне батып кеткен 4 жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қайғылы жағдай туралы Жетісу облысының төтенше жағдайлар департаменті растады.
Ведомствоның хабарлауынша, отбасылық демалыс орталығының біріндегі бассейніне 2019 жылы туған бала батып кетті.
Департамент атап өткендей, бұлдіршін үлкендердің қарауынсыз қалып, бассейнге құлап кеткен.
"Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеніне қарамастан, баланы құтқару мүмкін болмады. Қазіргі уақытта Талдықорғанның полиция басқармасы тергеу амалдарын жүргізіп жатыр", - деп хабарлады өңірдің төтенше жағдайлар депаратменті.