АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысындағы ірі шошқа кешенінде төтенше жағдай болды. Канализациялық құдықты тазалау кезінде төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Шошқа фермасы Тайыншы ауданының Новоивановка ауылында орналасқан. Кешеннің иесі - "EMS AGRO" компаниясы.
"Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің төрт жұмысшысы кезекшілігін атқарғаннан кейін мал жемдейтін жерден шықпай қалған. Төртеуі тереңдігі 8 метр болатын кәріз жинақтағышын тазалау кезінде қаза тапты", - делінен ресми хабарламада.
Қазіргі кезде оқиға орнына облыс басшысы аттанды. Полиция депаратментіні басшысы, аудан прокуроры және еңбек инспекциясының жетекшісі де оқиға орнындажүр.
"Облыс әкімнің тапсырмасы бойынша арнайы комиссия құрылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - дейді әкімдік мамандары.