Путин Түркияға барады

Sputnik
АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин мен Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоған телефон арқылы сөйлесіп, Ресей көшбасшысының Түркия еліне сапары жайлы сөз қозғады, деп хабарлады Ердоғанның канцеляриясы.
"Президент Ердоған сәрсенбі күні Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында екі жақ Путиннің Түркияға сапары жайлы келісімге келді", - делінген хабарламада.
Алайда Путиннің Түркияға нақты қай күні сапар шегетіне әзірге белгісіз.