АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Қазақстанның бас прокуратурасы Ресей азаматы Никита Кислицинді экстрадициялау туралы шешімді әлі қабылдаған жоқ. Бұл туралы қадағалау органының ресми өкілі Дархан Дүйсембай мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Кислицын АҚШ-тың сұрауы бойынша Алматы қаласында ұсталған болатын. Дүйсембайдың айтуынша, 1 тамызда тергеу соты Кислицинге қатысты экстрадициялық қамауға алуды қолдану туралы прокурордың өтінішті қарады.
"Сотта ұсталған азаматты беру (сұраудан бас тарту немесе қанағаттандыру) мәселесі қаралған жоқ. Себебі қылмыстық-процестік заңнама бойынша ондай мәселелер прокуратура органдарының құзіретіне жатады. Бас прокуратура Ресей Федерациясы мен АҚШ тарапынан Кислицынға қатысты түскен сұраулары бойынша тиісті шешім халықаралық келісімдер мен ұлттық заңнамаға сай қабылданады. Оған дейін экстрадициялық тексерісті аяқтау қажет", - деді Дүйсембай.
Оның айтуынша, бүгінде Кислицында бірқатар қылмыстар үшін екі мемелекет беруді сұрап отыр. Олар – Ресей мен Америка. Екі сұрау бойынша экстрадициялық тексеріс жүргізіліп жатыр.
Айта кетері, бұған дейін Ресей Федерациясының Алматыдағы бас консулдығының консул-кеңесшісі Артем Оганов Қазақстанның АҚШ сұрауынан бас тартып, Ресейдің сұрауын қанағаттандырғанын айтты.
АҚШ-та Кислицинді не үшін айыптап отыр
Америкалықтар Қазақстанда ұсталған ресейлік Кислицинге 2011 жылы болған жағдай бойынша айып тағып отыр. Ал Ресейдің Алматыдағы бас консулдығы Қазақстан заңнамасы бойынша ол істің ескіру мерзімі өткенін хабарлады.
"Қылмыстық-процестік кодекс бойынша іздеу салынған (Интерпол іздеу салған - Sputnik) адамды шетелде жасаған қылмыстың ескіру мерзімі өтпеген жағдайда беруге болады", - деп атап өтті бас консулдық.
Никита Кислицын - "F.A.C.C.T." компаниясының (бұрынғы ресейлік "Group-IB" компаниясы) қызметкері. Негізгі қызметі – киберқауіпсіздік.
22 маусымда Никита Кислицинді АҚШ сұрауы бойынша ұстады. Артынан Ресей де Кислицында сырттай қамауға алуға ордер шығарды.