Алматы облысында құны 1,3 млрд теңге болатын темекі өнімдері сақталған қойма табылды

Sputnik
АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті акциздік төлемсіз астыртын сатуға арналған 2 миллионнан астам шетелдік темекі қораптары сақталған қойманы тапты, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.
Тергеп-тексеру барысында темекі өнімдерінің құны 1,3 млрд теңгені, ал төленбеген акциз соммасы 580 млн теңгені құрайтыны анықталды.
Қылмыстық іс сотқа жолданып, темекі өнімдері ел аумағында сатуға жарамсыз болғандығына байланысты (техникалық талаптарға сәйкес келмеуі) жойылды.
Ведомствоның мәліметінше, өзге ақпарат жария етілмейді.
Жетісу облысында құны 7 млн теңгеден асатын заңсыз темекі өнімдері тәркіленді