Өңірлер

Степногорскте төтенше жағдай жариялануы мүмкін: су құбырында апат болды

Sputnik
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Степногорск қаласындағы магистарлдық су құбырында апат болды. Қазіргі кезде 400-ге жуық үй сусыз қалды. Ал жергілікті билік төтенше жағдай жариялап, шұғыл жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қала әкімдігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, қазіргі кезде бірнеше көпқабатты үйде су жоқ.

"Сопка-305" - "Қала" магистралдық су құбырында үшінші және бесінші шақырымның арасында апаттық жағдай болды. Жөндеу жұмыстарына байланысты құбырдағы қысым төмендетілді. Соның нәтижесінде 4-ші шағын аудандағы көпқабатты үш үйде сумен қамту шектеліп отыр", - дейді мамандар.

Қазіргі кезде 398 үй сусыз қалды. Апаттық жағдайды жоюға екі бригада және бес техника жіберілді. Ал сусыз қалған адамдарға су жеткізу шаралары қолға алынды.
Жөндеу жұмыстарын 5 тамызға дейін аяқтау жоспарланып отыр. Осыған байланысты жергілікті билік төтенше жағдай жариялауға шешім қабылдады.
"Степногорск әкімінің "Жергілікті масштабта техногендік сипаттығы төтенше жағдайды жариялау туралы" бұйрығының жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Құжат заңды күшіне енген жоқ", - деп атап көрсетті әкімдік қызметкерлері.
Судың берілуі қала бойынша тоқтатылмайды.
Алматыда үш аудан ауыз сусыз қалды