Солтүстік Қазақстанда көпбалалы отбасының үйі күлге айналды - видео

Sputnik
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында отпен ойнаған балалардың кесірінен жеке меншік үй шаруашылық құрылыстарымен бірге жанып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Төтенше жағдай Жамбыл облысындағы Пресновка ауылында болған. Әлеуметтік желіде осы оқиғаның видеосы тарады.
"Осы көпбалалы отбасыға кез келген көмек керек. Барлық мүлкі жанып кетті, киіммен ғана далаға шығып үлгерген", - дейді видео авторлары.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті үйдің жанып кеткенін растады.
"Пресновка ауылында Васильченко, 54 көшесінің бойымен орналасқан жеке меншік үйден өрт шығып, жанындағы шаруашалық құрылыстарға да тарады. Өрт кезінде үй де, шаруашылық құрылыстар да толығымен жанып кетті. Тілсіз жау 250 шаршы метрге шарпыды", - дейді құтқарушылар.
Өрт жарты сағаттың ішіне өшірілді. Зардап шеккен және қайтыс болған адамдар жоқ. Өрттің себебі де анықталды. Балалар отпен ойнаған.