АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Қарағандыда әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тәрбиеленіп жатқан тағы екі бала ауруханаға түсті. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ажар Ғиният мәлімдеді.
Бұған дейін балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан 12 адам ауруханаға жеткізілгені хабарланған болатын. Бір бала қайтыс болды. Қайтыс болған жеткіншектің жасы 13-те. Ол жүрек және тыныс жеткіліксіздігінен көз жұмды.
Алты баланың жағдайы ауыр, екеуінің жағдайы өте ауыр.
Министрдің айтуынша, балалар уланып, дем жетпеген. Сонымен қатар, ішек инфекцияларына тапсырылған алғашқы талдамалар теріс нәтиже көрсеткен.
Орталық басшысының міндетін атқарушы мен 12 медицина қызметкері жұмыстан шеттетілді.