АЛМАТЫ, 1 тамыз - Sputnik. Самара-Шымкент автожолында Mercedes жүк көлігі мен ВМW автокөлігі соқтығысып, салдарынан үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қайғылы оқиға 1 тамыз күні сағат шамамен 11:00-де Самара-Шымкент автожолының 765 шақырымында болды.
"Салдарынан BMW автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Тағы бір жолаушысы Ақтөбе қаласындағы ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады ведомство.
Жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.