Тоқаев Пәкістан президентіне көңіл айтты

Sputnik
АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан президенті Ариф Алвиге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан президенті Ариф Алвиге елдің солтүстік-батысында болған лаңкестік шабуыл салдарынан көптеген азаматтың қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады", - деп жазылған хабарламада.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өз атынан жақындарынан айырылған отбасыларға қайғыра көңіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Тоқаев Италия премьер-министрі Джорджа Мелониге көңіл айту жеделхатын жолдады