АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында Филипповка өзені ластанды. Экология министрлігі "Қазмырыш" компаниясын жоспардан тыс тексеруді бастады.
Ластанған өзеннің бейнежазбасы әлеуметтік желіде тараған. Оқиға орнына экология, балық инспекциясы, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен Риддер әкімдігінің және "Казцинк" ЖШС өкілдері барды.
Филипповка өзенінің ластануына байланысты"Қазмырыш" компаниясын жоспардан тыс тексеру басталды
© Photo
"Риддердегі "Қазмырыш" тау-кен байыту кешенінде өндіріс қалдықтарын сақтауға арналған қалдық қоймада құбыр бұзылған. Салдарынан Филипповка өзенінің түсі өзгерді", - деп түсіндірді Экология министрлігі.
Экология департаментінің қызметкерлері су сынамасын алып, химиялық талдау жасап жатыр.