Өңірлер

"Ақша көлігімде қалды": сатушыларды шығынға батырып келген қызылордалық ұсталды

Sputnik
АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Түркістан полициясы алаяқтықтың 45 фактісіне қатысы бар қызылордалықты ұстады.
Ер адам дүкендер мен дәріханаларға кіріп, түрлі тауарларды жымқырып келген. Алаяқ сатушыларды "көліктен ақша алып келіп, тауар ақысын төлеймін" деп алдаған. Алайда тауарларды көлігіне тиеп, оқиға орнынан ізін суытқан.
Қызылордалықтың Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласы аумағында жасалған алаяқтықтың 45 фактісіне қатысы бары анықталды.
"Cyberpol" арнайы тобы күдіктіні Шымкент қаласынан ұстады. Шығын көлемі – 6 млн теңге.
Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында оның осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталады.
Астаналықтарды 600 мың теңгеге алдаған алаяқ үш жылға сотталды