Сапасыз лагерьде демалып жүрген оқушылар үйіне қайтарылды

Sputnik
АЛМАТЫ, 31 шілде – Sputnik. Сапасыз лагерьде демалған Жетісу облысының оқушылары үйіне қайтарылды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Бұған дейін Қонаев қаласындағы жұпыны лагерьдің фотосы әлеуметтік желіде тарағанын хабарлаған едік. Онда Жетісу облысының оқушылары демалып жатқан. Sputnik Қазақстан облыстық білім басқармасынан мән-жайды анықтады.
"Жетісу облысы білім басқармасы "Бәйтерек" балалар жазғы лагерімен бүгіннен бастап келісімшартты бұзды. Қазіргі күні онда ешкім жоқ. Демалып жатқан Қаратал ауданының оқушылары үйіне қайтарылды. Сол ауданның білім бөлімінің басшылары мен мұғалімдері балаларды өздері барып алып кетіп, үйлеріне таратады", - деді білім басқармасының баспасөз қызметі.
Қонавтағы "Бәйтерек" жазғы лагерінде бұған дейін Сарқан қаласының балалары демалған.
Алматы облысында тағы бір балалар лагері тексеріледі