Бұрынғы индустрия вице-министрі Тоқтабаевтың ісі сотқа жолданды

Sputnik
АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Өз лауазымын асыра пайдаланды деген күдікке ілінген бұрынғы индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Тимур Тоқтабаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
Тоқтабаев "Шевченковское" кен орнын барлау керек деген сылтаумен үлестес тұлғаларға аукционсыз заңсыз берген.
Ол Қостанай облысында қатты пайдалы қазбалардың (никель және кобальт) ірі қоры анықталған "Шевченковское" кен орнын барлау сылтауымен үлестес тұлғаларға аукционсыз заңсыз берген деп айыпталуда.
"Оның бақылауындағы компания қол қою бонусының ең төменгі құнымен өндіруге дайын кен орнын алған. Өзінің әлемдік қоры бойынша бірегей никель және кобальт түріндегі қатты пайдалы қазбалар 100 млн тонна 5,7 трлн теңге сомасына бағаланады", - дейді ведомство.
Тергеу барысында "Шевченковское" кен орны мемлекет пайдасына қайтарылды.
Бас прокуратура айыпталушы Тоқтабаевтың ісін сотқа жіберді.
"Оператор РОП-тың" бұрынғы басшысы экстрадицияланды