"Бір терезе" қағидаты: 2 мыңға жуық адам қандас мәртебесін алды

Sputnik
АЛМАТЫ, 31 шілде – Sputnik. "Бір терезе" қағидаты бойынша жаңа механизм арқылы 2 мыңға жуық адам "қандас" мәртебесін алды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
СІМ шет елдердегі мекемелері арқылы "қандас" мәртебесін алудың жаңа тетігін іске қосты. Пилоттық жоба шеңберінде "бір терезе" қағидатымен 656 отбасындағы 1997 этникалық қазақтан өтініш қабылданды. Бұл өтініштер Қазақстанның солтүстік өңірлеріне жолданды.
"Өтінішті қабылдап алған жергілікті атқарушы органдар оларды қарастырады және тұрақты қоныстандыру, жұмысқа орналастыру және өңірлік квотаға енгізу туралы ұсыныс беруге тиіс", - дейді ведомство.
Айта кетері, 2023-2027 жылдарға арналған көші-қон саясаты тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде этникалық қазақтарды қабылдау тетігі қайта қаралды.
Қоғам
Жарты жыл ішінде 10,5 мың этникалық қазақ қандас атанды