Батыс Қазақстанда қатты дауыл үйдің шатырын жұлып кетті

Sputnik
АЛМАТЫ, 30 шілде - Sputnik. Батыс Қазақстанда қатты дауылдан ағаштар құлап, көлік пен үйді қиратып кетті, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Дауылдың салдарынан бір көлікті ағаш басып, бір үйдің шатырын жұлып кетті.
"29 шілдеде сағат 15:54-те Орал қаласы Гагарин көшесінде ағаш құлап, көлікті басып қалды. Жүргізуші көлік ішінде қалып қойған. Сондай-ақ Теректі ауданы Подстепный ауылында қатты дауыл бір қабатты төрт пәтерлік үйдің шатырын жұлып кетті", - дейді ведомство.
Абырой болғанда адам шығыны жоқ.