АСТАНА, 30 шілде - Sputnik. Астанада Antares қаржы пирамидасын ұйымдастырғандарға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Астана сотының баспасөз қызметі.
Сотталушылар азаматтардан 200 млн теңге қаражат алған. 2020 жылғы мамырдан 2021 жылғы шілдеге дейін сотталушылар жәбірленушілердің қаражатын кәсіпкерлік мақсатсыз жұмсаған.
Іс бойынша Қазақстанның түрлі қалаларының 33 тұрғыны жәбірленуші деп танылды.
"Сотталғандардың кінәсі жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтарымен, аудиторлық есеп пен сараптама қорытындыларымен дәлелденді. Мұндай дәлелдер тізімінде шарттар мен жәбірленушілердің қаржы пирамидасына ақша салғанын растайтын басқа да құжаттар бар", - делінген сот материалында.
Сот үкімімен Б.және И. қаржы пирамидасын құрғаны және оған басшылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды (217-бап 3-бөлім 2-тармақ). Б.алты жылға алты айға, ал И. қаржы ұйымдарында басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, бес жыл алты айға бас бостандығынан айырылды.
Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.