АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. Қостанай-Сарыкөл жолында апат болып, екі адам көз жұмды, деп хабарлады polisia.kz.
Оқиға 28 шілде сағат 21:00 шамасында Қостанай-Сарыкөл автожолында Октябрь ауылынан 15 шақырым жерде болды.
ВАЗ-21099 автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Toyota Alphard көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Онда үш жолаушы, арасында жүкті әйел болған.
Апат салдарынан Ваз жүргізушісі мен Toyota жүргізушісі алған жарақаттан қайтыс болды. Үш жолаушы ауруханаға жеткізілді.
ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықталады, деп хабарлады полицейлер.