АЛМАТЫ, 29 шілде – Sputnik. "Аңсаған сәби" бағдарламасы аясында 4500-ден астам бала өмірге келді, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Бедеу неке Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде медициналық-әлеуметтік проблема болып тұр.
"Аңсаған сәби" бағдарламасын іске асыру басталғаннан бері 2022-2023 жылдары ЭКҰ 19 мыңнан астам әйелге жүргізілді, 7 000-нан астам әйел жүкті болды, 3 800 отбасында 4 500-ден астам нәресте дүниеге келді, 2 500 жүкті әйел нәрестесінің өмірге келуін күтіп жүр", - дейді ведомство.
Биыл сәбилі болғысы келетіндер үшін 7 000 квота бөлінді.
Еске сала кетейік, мемлекет басшысы өзінің халыққа жолдауында үкіметке 2021 жылдан бастап ЭКҰ-ға квотаны 7 есеге арттырып, "Аңсаған сәби" арнайы бағдарламасын іске қосуды тапсырған болатын.